Балалар өз елімізде демалады

Балалар өз елімізде демалады
16.06.2016
373
Әлеумет

Балалар өз елімізде демалады

Оқу жылы аяқталып, мектеп оқушылары асыға күткен жайнаған жаз да келді. Соған орай, «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы жыл сайынғы дәстүрлі шараны биыл қайырымдылықтан бастады. Компания тағы да игілікті іс жасап, Атырау облысындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 300 баланы сауықтыру лагеріне жіберді. 

Өңірдің әр аймағынан жиналған балалар үшін бұл қуанышты жағдай. 6-маусым күні Атырау теміржол вокзалынан облыстағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 300 бала «Машат-Арасан» (Шымкент қаласы) сауықтыру лагеріне аттанды. Олардың бәріне компания атынан Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл және «Ембімұнайгаз» АҚ логотипі бар футболка мен «Машат-Арасан» логотипі салынған бейсболка берілді. Балалар лагерьде 12 күн тынығып қайтады. Сауықтыру лагеріне шығарып салу шарасына ата-аналар, жергілікті атқару билік өкілдері мен компания басшылығы қатысты. Балаларға ақжол айтылып, Қазақстан әнұраны орындалды. 
Мұнайшылар балаларының жазғы демалысын жақсы өткізуіне де компания жағдай туғызып отыр. Биылғы жазғы демалыста барлығы 2184 мұнайшы балалары лагерьге бармақ. Оның ішінде 1000 бала Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» лагеріне, 444 бала Көкшетау қаласы, Зерендідегі «Сұңқар», 740 бала Бурабайдағы «Балдаурен» лагеріне барады. Лагерьге жолдама 7-14 жас аралығындағы балаларға беріледі, әрбір маусымның ұзақтығы 14 күннен. Бастапқы топ 15 маусымда аттанады. Көріп отырғанымыздай, биыл алыс-жақын шетелге жолдама берілмеген. Оны негізінен қауіпсіздіктен туындаған шара деп түсінген абзал. Балалар биыл өз отанында емін-еркін ойнап-күліп, тынықпақ. Балалардың жазғы демалысы ұжымдық шартта мұнайшыларға көрсетілген әлеуметтік көмектің бір парасы. «Ембімұнайгаз» АҚ жұмыс беруші ретінде өз міндеттемесін толық орындап, балаларға берілетін жолдаманың 100 пайыздық өтемін мойнына алып отыр. Жайдары жазда жайлы демалыс болсын, балақайлар!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх