Қауіпсіздік мәдениетін көтеру – маңызды мәселе

Қауіпсіздік мәдениетін көтеру – маңызды мәселе
16.06.2016
382
Еңбекті қорғау

Қауіпсіздік мәдениетін көтеру – маңызды мәселе

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Ақтау қаласында маусым айының 8-9 аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобындағы 40-тан астам еншілес компаниялардың қатысуымен жыл сайын өткізіліп келе жатқан қоршаған ортаны және еңбекті қорғау саласы бойынша кезекті ХVII-жиыны өтті.
«ҚМГ еншілес компанияларындағы қауіпсіздік мәдениетін көтеру» тақырыбында өткен жиында «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасанов пен «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ Өндірісті келешек дамыту бойынша Басқарма төрағасының орынбасары Глеб Люксембург жиынның алғашқы сөз кезегін алды.
Шара барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры Винсент Спинелли 2015 жылы аталмыш сала бойынша ұлттық компанияда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына қарасты компанияларда орын алып тұрған жазатайым оқиғалардың себептері сөз етіліп, жан-жақты талдау жасалынды. Жиынға қатысқан қоршаған ортаны және еңбекті қорғау мамандары аталмыш саланы трансформациялау бағдарламасына шолу жасай отырып, ұлттық компанияның бес жылдық даму жоспарын тілге тиек етті.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх