Трансформация бағдарламасы не үшін қажет?

Трансформация бағдарламасы не үшін қажет?
05.02.2016
2841
Трансформация

Трансформация бағдарламасы не үшін қажет?

Қазақстан өзінің алдына – 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру – өр мақсатын қойды. Осы мақсатқа қол жеткізу жөніндегі кезеңді шаралар кешені «Стратегия 2050» құжатында жазылған. Құжатқа сәйкес Қазақстанға бірінші кезекті міндеттер ретінде экономикаға инвестициялар көлемін ұлғайту және еңбек өнімділігін арттыру қажет.

Бағдарлама қалай дүниеге келді?

2013 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ шетелдік аналогтармен Қор және оның еншілес компанияларының жұмысына салыстырмалы талдау жүргізді. Талдау қорытындылары бойынша ұқсас халықаралық компаниялар бірдей деңгейде салынған капиталдан үлкен пайда алатыны анықталды. Осы орайда Қор Трансформация бағдарламасын іске асыру бастамасын қолға алды. Мұндай бағдарламалар Малайзия және Сингапурде іске асырылған. 
Мемлекет басшысы бастамаға қолдау көрсетті және қорға Бизнесті трансформациялау бағдарламасын дайындауды тапсырды. 2014 жылдың қыркүйегінде бұл бағдарламаны «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі мақұлдады.

Бизнесті трансформациялау дегеніміз не?

Трансформация бағдарламасы – бұл «Самұрық-Қазына» Қоры қызметінде және бақыланатын қоржын компаниялардың қызметінде ауқымды өзгерістер бағдарламасы.
Трансформация жекелеген компаниялар үшін өзгерістер нәтижесінде шығыстарды төмендетіп және еңбек өнімділігін арттырып кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі. Адам еңбегінің мейлінше қауіпсіз және тиімді болуы.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх