Ембі өндірісін келешек дамыту бағдарламасы не үшін қажет?

Ембі өндірісін келешек дамыту бағдарламасы не үшін қажет?
05.02.2016
291
Трансформация

Ембі өндірісін келешек дамыту бағдарламасы не үшін қажет?

Компанияны трансформациялау үшін  себеп болған қандай жайттар? Неліктен оны бүгінгі күні жүргізу қажет? Өзгерістер не үшін керек болды? Өзгерістер бірінші кезекте кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін көтеру үшін керек. Мұнай өндіруші компаниялар үшін жоспарланған мұнай өндіру көлемін орындау ғана емес, сонымен қатар түсімді қамтамасыз ету үшін өзінің күрделі және операциялық шығыстарын бақылау да маңызды.  Бұл мұнайға бағаның төмен кезеңінде айрықша өзекті.

Алайда, шикізатқа бағадан басқа, кәсіп­орын экономикасына әсер ететін басқа да факторлар бар. Бұл мұнай қорларының азаюы, сондай-ақ мұнай өндіру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету процестері тиім­ділігінің жеткіліксіздігі. Бұл проблемалар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялар тобы үшін де өзекті. Дағдарыс жағдайында да кәсіпорындардың еңсесі биік болуына көмектесетін терең өзгерістерді жасау қажеттілігі туындады. 
2015 жылы «Ембімұнайгаз»АҚ ұйымдастыру іс-шараларын жүргізді, жоспарларды жүйеліп, бірқатар жобалар бойынша жұмысқа кірісті. Бүгінгі күні ЕМГ өндірісін келешек дамыту негізгі үш бағыттан тұрады. Біріншісі – материалдық-техникалық қамтамасыз ету (МТҚ) процесін оңтайландыру. Екіншісі – мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (ТҚКЖЖ) процестерін оңтайландыру. Үшіншісі – интеллектуалдық кен орындарын енгізу. 
Қорыта айтқанда, олардың барлығы мұнай өндіру процестерін  оңтайландыруды, шығыстарды азайтып, еңбек өнімділігін арттыруды көздейді. Бұл жобалар туралы «Мұнайлы мекен» газетінің «Ембі өндірісін келешек дамыту» арнайы шығарылымынан оқитын боласыздар.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх