Еңбекте де, спортта да бірге

Еңбекте де, спортта да бірге
30.05.2016
355
Әлеумет

Еңбекте де, спортта да бірге

«Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты цехтар мен бөлімшелері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап спорттың екі түрінен бильярд (ерлер) және үстел теннисінен (ерлер мен қыз-келіншектер) жарыс өткізді. Сайыс Шығыс Мақат мұнай-газ өндіру цехының жаңадан бой көтерген жатақханасының бильярд және үстел теннисі спорт залдарында өткізілді. Басқарма бойынша 15 команда құралып, 56 мұнайшы-спортшы қатысқан сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Жарыстың ашылу салтанатына басқарма бас инженері Мәлік Жылқышиев қатысушыларға сәт-сапар тілесе, Мақат аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі Ерғожиев Әділбек «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы мұнайшылары аудан спортының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты. 
Бильярд ойынында I-орынды Шығыс Мақат мұнай-газ өндіру цехының операторы Ескариев Самат жеңімпаз атанып, екінші және үшінші орындарды Мусин Марат пен Еркешов Бауыржан иеленсе, «Жеңіске деген жігерлігі» үшін номинациясын №4 Доссор МӨЦ трактор жүргізушісі Көпкенов Рамазан ұтып алды.Үстел теннисінен қыз-келіншектер арасынан  I-орынды Шығыс Мақат қызметкері Орынтаева Света иеленсе, II-орынды Мақат мұнай дайындау және айдау цехының лаборанты Саркитова Марал иеленді,  ал, III-орынды Ботахан МӨЦ механигі Нұрқасымова Бақтыгүл жеңіп алды.
Үстел теннисінен ерлер арасынан Ботахан көлік керуенінің жеңіл және жүк тасымал автокөлік жүргізушісі Галиев Мейрам жеңімпаз атанса, жүлделі II-орынды Ш.Мақат мұнай газ өндіру цехының жөндеушісі Уразбаев Аманкелді, III-орынды Ботахан МӨЦ операторы Өтеуов Серік иеленді. Жеңімпаздар кәсіподақ комитеті атынан диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қанат Сақупов, «Доссормұнайгаз» МГӨБ 
кәсіподақ комитетінің спорттық шаралар жөніндегі маманы

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх