Бірлігі мықты цех ұжымы

Бірлігі мықты цех ұжымы
30.05.2016
393
Өндіріс

Бірлігі мықты цех ұжымы

Шығыс Мақат мұнай-газ дайындау және айдау цехына қарасты 92 ұңғыма бар, олардың 91-і штангалы тереңдік сорап, біреуі бұрандалы сорап. Цех басшысы Тайпанов Мұраттың айтуынша, мұнайгаз өндіру жоспары жүз пайызға орындалып келеді. Жаңа технологиямен салынып, пайдалануға берілген газды дайындау және тасымалдау қондырғысы да осы цех қарауында. Цех бастығының ұтымды ұйымдастыруымен бригада мүшелерінің әрқайсысы өздеріне бекітілген міндетті орындап, ұжымда ынтымақпен еңбек етіп келе жатыр. Май қыздыру пешінің жұмысы, газды бөлу сеператоры, ұңғымаларды күтіп-ұстау, жер астына су айдау, сораптарды жөндеу, лабораторияда мұнай құрамын анықтау, қазандарға май айдау, басқа да жұмыстарды осы мамандар атқаруда. Шығыс Мақат, Солтүстік Жолдыбай, Уаз, Қондыбай кеніштерінің мұнайы осында  дайындалады да, Мақат орталық қазандарына айдалады. Цех ұжымы бірліктің арқасында әркез еңбек өнімділігін арттырып келеді. 

Кеніште жүзден аса жұмысшы ауысыммен, оның үстіне қосалқы қызмет, мердігер мекемелер жұмысшылары да қажетті кезінде жұмыстар жасайды. Оларға да тынығатын орын керек. Соған орай, кен орнында соңғы үлгідегі құрастырмалы материалмен салынған 50 орындық жаңа жатақхана ашылды. Бұл кен орны жұмысшыларының еңбек етіп, демалуына жасалып отырған жағдай. Жатақ іші жайлы, жылы, мұнтаздай тап-таза. Мұнайшылар бұрынғыға қосымша жаңа жатақхананың берілгеніне қуанып қалуда. «Кен орнында жұмысшыларға жағдай жыл сайын жақсарып келеді. Соның бірі – жаңа жатақхана. 14 күн вахтада жұмыстан соң демалуға барлық мүмкіндік қаралып отыр. Өте қуаныштымыз», – дейді жөндеуші Сәрсенбай Нұрманов.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх