Қоршаған ортаны қорғау – туған жерге деген құрмет

Қоршаған ортаны қорғау –  туған жерге деген құрмет
30.05.2016
397
Еңбекті қорғау

Қоршаған ортаны қорғау – туған жерге деген құрмет

Қоршаған орта талаптарының сақталуы және нормативтерінің орындалуы үшін Өндірістік техникалық қамту және жабдықтармен жинақтау басқармасы бойынша жыл сайын табиғатты қорғау шаралары жасақталады. Осы мақсатта 2016 жылға арналған өндірістік бағдарламасында қоршаған ортаны қорғау саласына қажетті қаражаттар қарастырылып келеді. Өткен жылы да қоршаған ортаны қорғауға арналған іс-шаралар жоспары толығымен орындалды. Әсіресе, ауа бассейні мен жер ресурстарының ластанбауы мақсатында көптеген іс-шаралар, тазалық жұмыстары, экологиялық насихат жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні қоршаған ортаны қорғау үшін оның ластаушы көзін, параметрлерін және пайда болу себептерін анықтау сияқты көптеген жобалар жасалуда. Біз, осы бағытта, басқарма бойынша келіп түскен жүкті тиеу-түсіру кезінде қоршаған ортаның ластануына жол бермей, технологиялық процестер талаптарын сақтай отырып, жұмыстың атқарылуын басты назарда ұстап отырамыз. 
Сондай-ақ, ластаушы көзден бөлінетін қалдықтарды бақылау, қоршаған ортаға тигізген әсерінің қаншалықты деңгейде екендігін бағалау мақсатында үздіксіз түрде әр тоқсан сайын өндірістік-экологиялық бақылау жүргізіп отырамыз. Қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтарды залалсыздандыра отырып, қалпына келтіру мақсатында жергілікті бюджетке жыл сайын экотөлем төленеді.

Атап айта кететін жайт, қоршаған ортаны құраушы компоненттер (ауа, су, топырақ) ластанған соң, оларды қалпына келтіру процесі айтарлықтай ауқымды қаражат пен қажырлы еңбекті талап етеді. Мұндай маңызды бағытта жұмыс жасау тек қана эколог-мамандардың ғана жұмысы емес екендігін еске сала отырып, компанияның әрбір қызметкерін өзі өмір сүріп, қызмет етіп отырған ортасына жанашырлықпен қарауға шақырамын. Жер Ана бізді асырайды, аялайды.

Ендеше, туған жердің табиғатын қорғауда бір кісідей ат салысу әр адамның парызы екені сөзсіз.

Нұраш Қарабалаева, «Өзенмұнайгаз» АҚ, 
Өндірістік техникалық қамту және жабдықтармен жинақтау басқармасының қоршаған ортаны қорғау инженері

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх