3 блокты игеру тиімділігін арттыру бастамасы көтерілді

3 блокты игеру тиімділігін арттыру бастамасы көтерілді
30.05.2016
400
Трансформация

3 блокты игеру тиімділігін арттыру бастамасы көтерілді

2015 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ында «КазНИПИмұнайгаз» АҚ-ының ғылыми жетекшілік етуімен Өзен кенорнындағы 3 блокты игерудің тиімділігін арттыру бастамасы көтерілді.

3 блокта қосымша геолого-техникалық шараларды жүргізу, жаңа техникалар мен технологияларды енгізу, оның ішінде скважиналарды көлденең бұрғылау, қабатты кең ауқымда су арынымен жару, екінші оқпанды қазу, төменгі горизонтты қазу және тағы сол секілді жұмыстарды іске асыру жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, мұнай өнімін есептеу жүйесін модернизациялау, мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын автоматтандыру, уақыттың нақты режимінде телеметрия жүйесінің көмегімен деректерді жинақтау мен жеткізу, интеллектуалдық басқару станциясы және УЭЦН енгізу арқылы скважиналардың жөндеу аралық кезеңін өсіру бойынша арнайы шара жасақтап, іске асыру, сондай-ақ, қосымша ОПИ өткізу.   
Соның нәтижесінде мұнай өнімінің көлемін қосымша ұлғайту жоспарланып отыр.
Өндірісті жедел басқару мақсатында мұнай өнімін есептеу жүйесін модернизациялау, мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын автоматтандырудың қорытындысы бойынша телеметриядан интегралданған қорытынды деректерді Мұнай газ өндіру кәсіпшілігінің үйлестіру пунктіне және МГӨБ қарасты Орталық инженерлік-техникалық қызметіне шығару. 
№3 блоктағы технологиялық процесстерді автоматтандыруды жүргізу аясында, мұнай және газ өндірісін операцияларды басқаруды автоматты жүргізуге мүмкіндік беретін жүйе құрылады. «Интеллектуалды кенорын» деп аталатын бұл жүйе өндірісті басқару моделі мен кенорынның интегралды моделін үздіксіз оңтайландыруды қамтамасыз етеді.
«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның тәжірибелі және кәсіби мамандарынан тұратын жобалау командасы жасақталды. Өз кезегінде, болашақтағы болатын бірлескен жобаларға осы тәжірибемен және тәсілдермен бөлісу көзделген. Жоба бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ, №3 МГӨБ қайта құрылған МГӨЦ құрамынан 149 қызметкер жұмыс істейді.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх