Кәсіподақ төрағаларымен кездесті

Кәсіподақ төрағаларымен кездесті
30.05.2016
418
Әлеумет

Кәсіподақ төрағаларымен кездесті

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Д.Хасанов кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Кездесуге «Өзенмұнайгаз» АҚ басқарма мүшелері және «Өзенмұнайгаз» АҚ Кәсіподақ комитетінің төралқа мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Компаниядағы өндірістік, әлеуметтік, кадр мәселелері бойынша сұрақтар талқыланды, пікір алмасты. 
«Компания басшылығы кәсіподақ комитетімен баршамызға ортақ мәселелерді бірге талқылауға, бір мақсатқа жұмылып жұмыс істеуге мүдделі. Біз қашанда қолымыздан келгенше ағымдағы проблемаларды шешуге ынталымыз. Сондықтан, кәсіподақ өкілдерімен кездесіп отыруды дағдыға айналдырып, айына бір рет бас қосып отыру қажет деп білемін», – деді кездесу барысында бас директор Д.Хасанов.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх