Бас директордың құттықтауы

Бас директордың құттықтауы
06.03.2017

Бас директордың құттықтауы

Қымбатты әріптестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңару шағы Сіздерге ырысы мен берекесін, қуанышы мен жақсылығын ала келсін. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Ұлыс оң, ақ мол болсын! Қыс ызғары кетіп, Жер Ана жібіп, бәйшешек, тал бүр жаратын жылдың осынау әдемі мезгілі жандарыңызға шуағы мен мейірімін төксін. Бұл – көрісу сияқты ата-бабадан жалғасқан асыл дәстүріміздің салтанат құратын керемет кезең. Ренжіскенді татуластыратын, жабыққанды қуантатын, мейірімге толы, үлкенге ізет, кішіге ілтипат жасап, ақ бата алатын ұлықты мейрам.  
Біздің мұнайшы қауым Наурыз мейрамын ерекше көңіл-күй, қуаныш сезіммен қарсы алады. Өйткені, бұл ынтымақ пен бірліктің, достық пен ізгіліктің де мерекесі. Еңбекпен елдің көркеюіне үлесін қосып жүрген барлық мұнайшының мәртебесі биік, мерейі лайым үстем болсын. Наурыздан наурызға амандық, жақсылық, жоғары жетістіктермен бірге жете берейік! 
Наурыз береке болып еніп, әр шаңыраққа құт болып дарысын!

 

Ізгі ниетпен, 
Құрманғазы Есқазиев, 
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх